8-бап. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру

1. Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

      1-1. Мәслихаттар жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді. Мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халық алдында жауапты болады.

      2. Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.

      Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.

      3. Мәслихат:

      1) мәслихат хатшысын сайлайды және лауазымынан босатады және оның есептерiн тыңдайды;

      2) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есептi тыңдайды;

      3) мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген адам саны мен қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң штат саны лимитi тиiстi мәслихат депутаттарының саны негiзге алынып, бес депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес болып белгiленедi;

      5) мәслихаттың регламентiн бекiтедi;

      6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешiмдер қабылдайды;

      7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Дата cоздания: 20 Сәуір 2022 09:29
Дата редактирования: 20 Сәуір 2022 09:31

Адрес

г. Темиртау, Бульвар
Независимости, 12

Телефон

+7 (7213) 92-33-24