«Теміртау қаласы мәслихатының аппараты» ММ мемлекеттік қызметшілері арасында "Б "корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Е-3 санаты үшiн: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің болуы;

      7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

 

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақы 

min

max

Е-3

112729,89

152017,23

       

 

«Теміртау қаласы мәслихатының аппараты» ММ (101406,  Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары, 12 үй, № 14 кабинеті,  анықтама телефон: 8(7213)-92-34-73, факс: 8(7213)-92-33-24; электрондық пошта:(maslihat_temir@mail.ru мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:     

1. «Теміртау қаласы мәслихатының аппараты» ММ бөлім басшысы (1-бірлік , № 05-02-2, Е-3 санаты):

Функционалдық міндеттері:

- Мәслихаттың ағымдағы және келешектегі жұмысын жоспарлайды.

- Мәслихаттың тұрақты комиссияларына, депутаттарына кеңес береді  және әдістемелік көмек көрсетеді.

- Мәслихат сессияларын, Депутат күнін өткізуге дайындық және өткізу бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларды дайындайды. Мәслихат аппаратын және депутаттарды құқықтық жаппай оқытуды өткізуге бақылау  жасайды.

Мәслихаттың және оның органдарының қабылдаған  актілерінің қолданыстағы заңнамаларға сай келетіндігіне бақылау  жасайды. Қалалық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің  сапалы рәсімделуіне және Қарағанды облыстық әділет  департаментіне тіркеу үшін уақытында жіберуге, олардың орындалуына бақылау жасайды.

- Депутаттардың шешім жобаларымен, ақпараттық-әдістемелік, ақпараттық материалдармен уақытында қамтамасыз етілуіне бақылау  жасайды.

- Мәслихат құзырына жататын нормативтік-құқықтық актілер  жобасын, «Теміртау қаласы мәслихатаның аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, қалалық мәслихаттың регламентін дайындауға қатысады.

-  Мекемеде іс жүргізудің ұйымдастырылуына бақылау жасайды;

- Мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды бақылау жасайды.

- Біліктілік талаптарға сәйкес бос лауазымды орындарға мемлекеттік  қызметшілерді іріктеуді ұйымдастыруға және таңдауға қатысады.

- Мемлекеттік қызметшілердің салтанатты түрде Ант және міндеттер қабылдауын ұйымдастырады.

- Мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің уақытылы  жариялануын және жіберілуін бақылайды.

- Мәслихаттың ресми сайтында, интернет-ресурыстарында және өзге де БАҚ жарияланатын ақпараттарға бақылау жасайды.

- Депутаттардың, мәслихат аппаратының, «Теміртау қаласының құрметті азаматтарының» жалпы қалалық іс шаралардың өтуіне қатысуын ұйымдастырады.

- Қалалық мәслихат қызметіне қатысты мәселелер бойынша басқа  мемлекеттік органдармен және мекемелермен өзара әрекет етеді.

- Мекеменің материалдық қорларын және негізгі құралдарын түгендеуді ұйымдастырады.

- Аумақтық, өңірлік және учаскілік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыруды іске асырады және оларға өзгерістер енгізеді.

- Қалалық мәслихат қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті, облыстық және қалалық мәслихаттар  депутаттарымен өзара қатынас жасайды.

- Мемлекеттік рәміздердің жағдайын бақылап  отырады;

- Мемлекеттік қызметшілердің жеке табыс салығы және мүлкі бойынша декларацияларының уақытылы тапсырылуына бақылау жасайды. 

- Бюджет, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысына жетекшілік етеді.

-  Жұмысшылардың өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауына бақылау жасайды.

-  Сақтауға жатпайтын құжаттарды актіге сәйкес жою үшін оларды әзірлеуге, тұрақты сақталатын істер тізімін «Теміртау қаласының мемлекеттік архиві» КММ-ге тапсыруға, істер номенклатурасының бекітілуіне бақылау жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі - жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе  «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика).

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы»,  Қазақстан Республикасының Жер кодексін, «Қазақстан – 2050» : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысуға қажет құжаттар (уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш, құжаттарды ұсыну күніне дейінгі күнтізбелік 30 күнге дейін тиісті персоналды басқару қызметі бекіткен қызмет тізімі), ішкі конкурсты өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік орган мен уәкілетті органның интернет-ресурсында соңғы рет жарияланғаннан кейінгі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы қажет.

Конкурстық комиссияның қарауына интеграцияланған ақпараттық жүйе «Е-қызмет» немесе «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электронды мекенжайға құжаттарды қабылдау мерзімінде келіп түскен электронды түрдегі құжаттар қабылданады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға, әңгімелесуден өту үшін конкурстық комиссияға жіберілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.          Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуден, кандидаттарға өздерінің оған жіберілгендігі туралы хабарланған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде «Теміртау қаласы мәслихатының аппараты» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының,Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелгенбұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдықбірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың жәнесаяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

    Нысан

      __________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

      Мені______________________________________________________________

  _________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

   _________________________________________________________________

   _________________________________________________________________

   _________________________________________________________________

   _________________________________________________________________

   _________________________________________________________________

   _________________________________________________________________

   _________________________________________________________________

   _________________________________________________________________

   _________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыстелефоны_______________________________           __________________________________________________________________

 

      _________                                     ____________________________________

         (қолы)                                         (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

    "___"_______________ 20 __ ж.

 

Дата cоздания: 13 Ақпан 2020 14:41
Дата редактирования: 19 Ақпан 2020 10:31

Адрес

г. Темиртау, Бульвар
Независимости, 12

Телефон

+7 (7213) 92-33-24