Теміртау қаласы Қоғамдық кеңесінің қызметі туралы

Теміртау қаласы мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпанындағы №53/4 «Қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы» шешімі қабылданды. Қоғамдық кеңестің құрамына қала жұртшылығына қоса мемлекеттік орган өкілдері де кірді (жалпы саны 18 адам).
Жұмысшы тобының бірінші мәжілісінде Қоғамдық кеңестің төрағасы  - Ипкаев Рафик Абуталибович, Қоғамдық кеңестің хатшысы – Бондаренко Тамара Викторовна сайланды.
4 тұрақты комиссиялар құрылды.
1. Бюджеттік қатнас мәселелері бойынша тұрақты комиссия:
2. Заңдылық, әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрақты комиссия:
3. Қаланың коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымы және транспорт бойынша тұрақты комиссия:
4. Жастар, білім беру, мәдениет және спорт істері бойынша тұрақты комиссия:
Қоғамдық кеңестің 2016 жылға жұмыс жоспары мен Ережесі жасалып, бекітілді.
Жұмыс жоспары мен кеңестің құрамы көрсетілген стенд ресімделген. Қоғамдық кеңес туралы мәлеметтер Теміртау қалалық мәслихаттың ресми сайтында жарияланған. Бұқаралық ақпарат құралдарында Қоғамдық кеңестің болашақтағы жұмыстары, басты міндеттері және мақсаттары туралы мақала жарияланды.
Қоғамдық кеңестің 2016 жылғы 29 ақпанындағы мәжілісінде Теміртау қаласының әкімі Ғ.А. Ашімов 2015 жылда әкімшіліктердің бюджеттік бағдарламасының орындалуы, қаланы дамыту бағдарламасының және мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы туралы баяндамасы тыңдалды.
  Қоғамдық кеңестің 2016 жылғы 21 сәуірдегі мәжілісінде «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ 2015 жылғы Теміртау қаласын дамыту бағдарламасының және бюджеттің орындалуы және 2016 жылдың бюджетін нақтылау мен өзгерістер енгізу туралы есебі тыңдалды.
Қазіргі уақытта халық арасында ҚР жер заңнамасы түсіндіру мақсатында информациялық – насихаттау үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Адрес

г. Темиртау, Бульвар
Независимости, 12

Телефон

+7 (7213) 92-33-24