Қоғамдық кеңес төрағасы

Құрметті отандастар, қымбатты жерлестер!

Теміртау қаласының қоғамдық кеңесі Алматыдағы және Қазақстанның өзге де қалаларындағы лаңкестік шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздік туралы хабарландыруды аса қайғырып қабылдады.

Аса жауыздықпен жасалған адам өлімі, жүздеген полиция қызметкерлеріне, Ұлттық гвардия мен ҰҚК әскери қызметкерлеріне келтірілген жарақаттар мен зақымдар туралы, мемлекет меншігін, кәсіпкерлер мен кінәсіз қарапайым халықтың мүлкін қарақшылықпен ойрандау, тонау туралы ақпарат қатты қынжылтты.

ІІМ, ТЖМ, ҰҚК қызметкерлерінің, Ұлттық гвардия мен Қарулы күштер әскерлерінің аз уақыт ішінде толықтай сауығып, сапқа қайта оралуларына шын жүректен тілектеспіз. Қарақшылар әрекетінен жапа шеккен азаматтардың сауығып кетуін тілейміз.

Теміртау қаласының қоғамдық кеңесі әрқашан, мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтың қатаң сақталуын және қала тұрғындарымен ауызба-ауыз, құрылымды сұхбат жүргізу ұстанымын қолдап келеді. Сондықтан да бүгін біз Республикамыздың Президенті Қ-Ж.К.Тоқаевтың және құқық қорғау органдарының еліміздегі конституциялық тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіру жөніндегі әрекетін толық қолдаймыз. Біздің Теміртау бастапқыда-ақ көп этникалық және мультимәдениетті қоғамдастық ретінде дамыған. 75 жыл ішінде жүзден аса ұлт өкілдері арасында берік отбасылық және достық қарым-қатынас қалыптасқан. Олар металлургиялық, химиялық, құрылыс, тағамдық индустрия кәсіпорындарындағы, білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарындағы бірлескен еңбектерінің арқасында тұтасқан. Қала тұрғындарының бірнеше буыны үшін Теміртау қаласында өмір сүру мен жұмыс атқару қазақстандық отансүйгіштіктің көзі, халықтың бір-біріне деген толеранттық, ұқыпты қатынасының бекем негізі болды. Мұнда адамдар арасында бірегей орын алған достық және бауырластық атмосфера – бұл жалпы біздің өнегелі рухымыздың жарқын үлгісі болып табылады. Ол, Қазақстан Республикасы – көп ұлтты жаңа суверенитетті мемлекетті қалап жатқан бірыңғай жасампаз халық үшін мақтаныш тудырады.

Осыны негізге ала отырып, Теміртау қаласының тұрғындарын лаңкестікке қарсы операция барысында жүргізіліп жатқан шараларды белсенді қолдауға, құқық қорғау органдарының және Ұлттық гвардия, ҰҚК әскери қызметкерлеріне барынша қолдау көрсетіп, көмектесуге шақырамыз.

Біздің еңбек сіңірген қаламызда қандай да бір радикалды науқандардың орын алуын болдырмау үшін азаматтық қырағылықты барынша күшейтулеріңізді сұраймыз. Арандатушылық әңгімелер мен әрекеттерге берілмеңіздер, барлық күмәнді тұлғалар мен топтар туралы, олардың орын ауыстыруы, қоғамдық тәртіпті бұзғандығы туралы жедел түрде полицияға хабарлауларыңызды, мүмкіндігінше құқыққа қарсы әрекеттерін суретке және бейнеге түсіріп алуларыңызды сұраймыз.

Балаларымыз бен қарттарымыздың қауіпсіздігін ойлайық. Өздеріңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар!

 

Теміртау қаласының қоғамдық кеңесі төрағасы                                 Р.А.Ипкаев

 

Дата cоздания: 12 Қаңтар 2022 09:42
Дата редактирования: 12 Қаңтар 2022 09:56

Адрес

г. Темиртау, Бульвар
Независимости, 12

Телефон

+7 (7213) 92-33-24