«Теміртау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
МАЗМҰНЫ
Общие положения
1. Жалпы ереже
1. «Теміртау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі(әрі қарай-мекеме) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару саласы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы мемлекеттік мекеме,заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бекітілген үлгідегі бланклері, атауы мемлекеттік тілде жазылған өз мөрі, мөртабаны, қазынашылық органдарда есеп шоты бар.
4.Мекеме өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасай алады.
5. Мекеме, мемлекет атынан егер ол заңнамаға сәйкес өкілетті болса азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға да құқылы.
6. Мекеме өз құзыры сұрақтары бойынша заңнамалар бекіткен тәртіпте Мекеме басшынының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамалары қарастырылған басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
7. Мекеме штат санының лимиті мен құрылымы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бекітіледі.
8. Мекеменің заңды мекенжайы: 101406, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары, 12.
9. Мемлекеттік мекеменің ресми атауы:«Теміртау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
10. Осы ереже «Теміртау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мекемеге мәслихат аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау бойынша кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар жасауға тиым салынады.
2. Мемлекеттік мекеменің міндеті мен құқығы, қызметі, негізгі мақсаттары, борышы
13. Борышы: Мекеме мәслихат пен оның органдарының материалдық-техникалық,құқықтық, ұйымдастырушылық және басқа да қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға олардың өкілдігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді. 14. Мекеменің негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, осы Ереже бекіткен мақсаттар болып табылады. 15. Мекеме келесі қызметтерді жүзеге асырады: 1) оның регламентіне сәйкес мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссияларының отырыстарын дайындау және ұйымдастыру-техникалық жұмысын қамтамасыз етеді; 2) депутаттарды шешімдердің жобаларымен және сессия мен тұрақты комиссиялар отырысының қарауына енгізілген мәселелер бойынша материалдармен қамтамасыз етеді; 3) тұрақты комиссиялардың ұсыныстары негізінде қалалық мәслихаттың жұмыс жоспарын әзірлейді, қалалық мәслихаттың қызметі туралы есептер дайындайды; 4) депутаттарға мәслихаттың шешімдерінің жобасын және тұрақты комиссиялардың қорытындыларын дайындауға жәрдемдеседі; 5) мәслихат депутаттарына өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруға жәрдемдеседi,әдістемелік және консултативтік көмек көрсетеді, депутаттардың ескертулері мен ұсыныстарын, сауалдарыныңдер кезінде қаралуына және жүзеге асырылуына бақылау жасайды; 6) депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда айтылған ұсыныстар мен ескертулерді есепке алады және қорытады, олардың жүзеге асыру шараларын әзірлейді және олардың орындалуынабақылау жасайды; 7) сессияның, тұрақты комиссиялар отырыстарының қарауына енгізілетін мәселелердің алдын-ала талқылануын ұйымдастырады; 8) сессия жұмыстарына және тұрақты комиссия отырыстарынакеңесіп дауыс беру құқығымен қатысады; 9) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес әділет органдарында нормативтік құқықтық актілерді тіркеуге дайындайды; 10) қалалық мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді; 11) қалалық мәслихат шешімдері мен басқа да құжаттарының таратылуын қамтамасыз етеді; 12) сессияның, басқа да мәслихат отырыстарының және оның тұрақты комиссияларының стенограммаларын, хаттамасын жүргізеді; 13) іс қағаздарын жүргізеді; 14) оған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және қалалық мәслихаттың шешімдерімен жүктелген басқа да функцияларды орындайды; 16. Мекеме қалалық мәслихаттың қызметтерін және негізгі міндеттерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілеріне сәйкес құқықтары болады және міндеттері бар
3. Мемлекеттік органныңқызметін ұйымдастыру
17. Мекемені басқаруды өз функцияларын жүзеге асыруға және Мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға жеке жауап беретін мәслихат хатшысы жүзеге асырады. 18.Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.Мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. 1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды; 2) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3)белгіленген заңнамалық тәртіппен мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жазалар белгілейді; 4)осы Ереже мен қалалық мәслихаттың регламентіне, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары талаптарына сәйкес және мекеменің қызметінің сұрақтары бойынша өкімдер шығарады; 5) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді, оның мүддесін мемлекеттікоргандарда,ұйымдарда, жергілікті өзін өзі басқару органдарында және қоғамдық бірлестіктерде қорғайды; 6) есеп айырысу құжаттарына бірінші қол қою құқығы бар, банкте есеп айырысу және басқа шоттар ашады, заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарт жасайды, мекеме мүлкіне өз құзыры шегінде ие болады; 7) заңанамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21.Мекеменің жедел басқаруында заңнамада қарастырылған жағдайларда дербес мүлкі болуы мүмкін. 22.Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. 23.Мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті өзінше беруге немесе басқа тәсілмен билік етуге, егер басқасы заңнамамен белгіленбесе, құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату
24.Мекеменіқайтақұру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.