Жаңалықтар

07.06.2022
«БЖЗҚ» АҚ виртуалды Ашық есік күніне шақырады

Зейнетақы жинақтарыңның қалай жұмыс істейтінін біл!

 

«БЖЗҚ» АҚ виртуалды Ашық есік күніне шақырады

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылғы 28 маусымда Ашық есік күнін онлайн форматта өткізеді. Басты тақырып – Зейнетақы активтерін басқару: Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?

Өткен 2021 жыл қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылғы 1 қаңтарда 13,1 триллион теңгеге жетті. Бұл соманың инвестициялық жарналар мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.

2021 жылғы зейнетақы жинақтарының елеулі өсімі жыл ішінде 1,4 трлн теңге болған таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етіліп отыр. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік – 8,4% инфляция кезінде 11,13%. Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіретінін еске саламыз.

Іс-шара кезінде Қор мамандары еліміздің зейнетақы жүйесінің құрылымын түсіндіріп, инвестициялық табыс құрылымымен таныстырады, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару  туралы ақпаратты қайдан және қалай алуға болатынын айтып, олардың қаржылық тәуекелдерден қалай қорғалатынын түсіндіреді.

Ашық есік күні 28 маусымда:

11:00-12:00 дейін - қазақ тілінде;

12:00-13:00 дейін - орыс тілінде;

15:00-16:00 дейін - қазақ тілінде;

16:00-17:00 дейін - орыс тілінде.

 онлайн форматта өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e5c983b0228e5b72a285c667e1244afba сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 25152749925 мен event-жиналыс паролі 1234 енгізіледі.

 


Вернуться назад

Адрес

г. Темиртау, Бульвар
Независимости, 12

Телефон

+7 (7213) 92-33-24