Жаңалықтар

25.11.2021
5 сауал айдары БЖЗҚ өзекті сұрақтарға жауап береді

1) Сәлеметсіз бе, мен жұмыс істеп жүрген зейнеткермін, емделу үшін зейнетақы жинақтарын біржолғы алуыма мүмкіндік бар ма?

Заңның 30-бабы 1-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы), БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері белгіленген кесте бойынша, ай сайынғы зейнетақы төлемдері және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес зейнетақы жинақтары есебінен сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері түрінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылады. Сондай-ақ Заңның 31-бабы 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында көрсетілгендей, азаматтарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде табыс етіледі.

Заңның 31-бабының 1-1-тармағы және 32-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар салымшылар МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен, оның ішінде өзіне немесе жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына емделу үшін ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Ол үшін келесі шарттардың бірі орындалуы тиіс:

егер салымшының жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшері жинақталған зейнетақы қаражатының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асса;

егер зейнетақы мөлшері, ал отставкадағы судьялар үшін зейнетақы және ай сайынғы қамтылым сомасы алушының орташа айлық кірісінің орнын ауыстыру коэффициентін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіп бойынша 40 пайыздан төмен емес деңгейде қамтамасыз етсе. Орташа айлық табысты алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығар күнінен бұрынғы көрсеткіш, алайда республика бойынша орташа айлық табыстан аспайтын табысы ескеріледі.

егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасса

Бұл ретте емдеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібін реттейтін Ережелерге сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер тізімі белгіленген. Олардың құрамында:

- орфандық  (жетімдік) ауруларды емдеу;

- стоматологиялық қызметтер;

-қайта құрушы және қалпына келтіру операциялары (пластикалық);

- радионуклидтік емдеу және радиойодты терапия;

- радиохирургиялық емдеу;

- Протонды терапия;

- офтальмологиялық қызметтер бар.

Осыған байланысты, егер сіз біржолғы зейнетақы төлемін алуға құқылы жоғарыда көрсетілген санаттағы тұлғалардың бірі болсаңыз, алуға болатын зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметті ЖЗШ-ның үзінді көшірмеден көре аласыз. Яғни, БЖЗҚ сайты мен мобильдік қосымшадағы жеке кабинеттен (айта кетерлік жәйт, алуға қолжетімді сома автоматты түрде көрсетіледі) немесе электрондық үкімет сайтынан немесе қосымшасынан қарауға болады.

 

2) Сәлеметсіз бе! Енді БЖЗҚ-да шот ашу үшін өтініш жазудың қажеті жоқ екенін жаңалықтардан естіп қалдым. Салымшының қатысуынсыз шот ашылса, азамат туралы ақпаратты қалай аласыз?

Иә, расында да ЖЗҚ-дағы барлық жеке зейнетақы шоттар автоматты түрде ашылады.

Зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттарын (ЖЗШ) ашу тәртібінің қай уақыттан күшіне енгенін естеріңізге салып өтейік: 

- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап;

- ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ)  –  2021 жылдың 1 мамырынан бастап;

– міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ)  –  2021 жылдың 26 қазанынан бастап.

Шотына зейнетақы жарнасы аударылған жеке тұлғаны сәйкестендіру төлем тапсырмасында көрсетілген оның дербес деректері (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте БЖЗҚ тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұратын жері және басқа да барлық қажетті мәліметтерді Мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

 

3) Қайырлы күн! Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымды мерзімінен бұрын алуға дайындалып жатырмын, әрі жеке табыс салығын төлеу мәселесі туралы білгім келеді. Оны қазір толық төлеймін бе? Зейнетке шыққаннан кейін қалған жинақтарымды маған қалай төлейді? Шегерімдер бар ма?

БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомаларына салық салу тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 25.12.2017 ж. №120 – VI Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 351-1 - бабында (бұдан әрі - ЖТС) Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерінен (әрі қарай – БЗТ) жеке табыс салығын (бұдан әрі - ЖТС) есептеу, ұстап қалу және төлеудің ерекшеліктері қарастырылған.

 

Бұл ретте ЖТС Салық кодексінің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді (10% мөлшерінде) БЗТ сомасына қолдану арқылы есептеледі.

Салық кодексінің 351-1-бабы 2-тармағына сәйкес БЗТ сомасынан ЖТС ұстап қалу және аудару жеке тұлғаның ЖТС ұстап қалу туралы өтінішіне сәйкес мынадай әдістердің  бірі бойынша жүргізіледі:

1) Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен біржолғы зейнетақы төлемі жүзеге асырылған күннен кешіктірмей, бір мезгілде;

2) БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен жүзеге асырылады.

ЖТС ұстап қалу жеке тұлғаның БЖЗҚ атынан салық агентіне белгіленген нысан бойынша ұсынған ЖТС ұстап қалу туралы өтініші негізінде жүргізіледі.

Осылайша, жеке тұлға Салық кодексінің 351-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ЖТС ұстап қалу туралы өтінішін берген кезде, ЖТС ұстап қалу және аударуды БЖЗҚ белгіленген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша зейнетақы жасына жеткен кезде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндірмелеріне сәйкес, БЖЗҚ салық агенті ретінде біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС есептелетінін ескерсек, Салық кодексінің 345-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген салық шегерімдері, сондай-ақ ,стандартты салық шегерімдері ЖТС қолданылмайды.

Зейнеткерлікке шыққан кезде Салық кодексінің 353-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, алушының БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері кезінде салық шегерімдерін қолдану құқығы сақталады.

Салық Кодексінің 326 - бабы 1) тармақшасына сәйкес салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа БЖЗҚ зейнетақы жинақтарынан, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі-МКЗЖ) есебінен жүзеге асыратын төлемдер жатады.

Ұстап қалуға табыс салығын есептеу күнтізбелік жыл шеңберінде жарналардың барлық түрлері бойынша зейнетақы төлемдері бойынша жиынтықта жүргізіледі.

Салық кодексінің 353-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын табыс мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:

салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс сомасы,

Салық Кодексінің 341-бабының 1-тармағына сәйкес, жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы,

осы Кодекстің 345-бабының 1-тармағы және 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген тәртіп пен мөлшерлерде салық шегерімдерінің сомасы.

 

Салық кодексінің 345-бабы 1-тармағына сәйкес, салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі жүзеге асырылатын әрбір ай үшін зейнетақы төлемі түріндегі табысты есептеу күніне қолданылатын бір ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерінде салықтық шегерім қолданылады.

Салық кодексінің 353-бабының 7-тармағына сәйкес пайдаланылмаған салық шегерімдерінің сомасы күнтізбелік  жыл шегінде кейінгі салық кезеңдеріне көшіріледі.

Тағы көңіл аударатын жәйт, Салық кодексінің 320-бабы 1-тармағы бойынша салық төлеушінің табыстарына 10 пайыз мөлшерлеме бойынша ЖТС салынатыны қарастырылған.

Мысал келтірейік:

БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі 50 000 теңгені құрайды. Зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын табысты айқындау кезінде 1 ЕТЖ – 42 500 теңге мөлшерінде салық шегерімі қолданылады. ЖТС есебі келесідей: (50 000- 42 500) *10%=750 теңге.

Осылайша, алушыға 49 250 теңге (50 000 теңге - 750 теңге = 49 250 теңге) мөлшеріндегі сома аударылады.

Алайда егер зейнеткерлік жасқа жеткен кезде кейінге қалдырылған ЖТС төлеу бойынша салық міндеттемелері болса, мысалы, бұрын өзінің жеке зейнетақы шотынан кейінге қалдырылған ЖТС бар 5 000 000 теңгені алып қойған болса, онда БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша 16 жылдан аспайтын уақыт ішінде тең үлестермен есептелген ЖТС сомасы – 2604,17 теңге (5 000 000,00*10%):192, мұнда 192 - айлар саны (16 жыл*12). Төленетін сома - 46 645,83 теңге (50000,00 –750-2604,17).

 

4) Қайырлы күн! Зейнеткер атанғаныма үшінші жыл, бірақ жақында вахтер ретінде қосымша жұмыс таптым. Енді менің жұмыс берушім жалақымның 10%-ын БЖЗҚ-ға аудара ма деген сұрақ туындады. Өйткені, мен сіздерден зейнетақы төлемдерін алып жүрмін ғой.

Жоқ, жұмыс беруші сіз үшін БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын аудармайды. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 24-бабы 3-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

 

5) Сәлеметсіз бе! Мен Ресей азаматымын, бірақ  Қазақстанда тұрып жатырмын. Әрі жұмыс істеймін, менің зейнетақымен қамсыздандыру мәселем қалай шешілуде?

2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған Еуразиялық экономикалық Одақ туралы Келісім бойынша, Одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасы, сондай-ақ, ЕАЭО мүше мемлекеттер арасындағы жекелеген халықаралық Келісімге сәйкес реттеледі. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келісім (Бұдан әрі-Келісім) осындай халықаралық шарт болып табылады.

Келісімнің негізгі мақсаты жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары сияқты шарттарда және тәртіппен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру болып табылады. Яғни, ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтардың ұқсас шарттарда өз азаматтарына берілетін құқықтар көлеміне тең көлемде кепілдік беруі тиіс.

Өтпелі ережелерді қамтитын Келісімнің 12-бабына сәйкес,  зейнетақыны тағайындау және төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

Келісім күшіне енгеннен кейінгі жұмыс өтілі үшін зейнетақы ЕАЭО-қа мүше қай елде еңбек етсе, сол мемлекет зейнетақыны тағайындап, төлейді;

Келісім күшіне енгенге дейінгі жұмыс өтілі үшін зейнетақы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына және 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы Келісімге, ал Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін – 2006 жылғы 24 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы Шартқа сәйкес тағайындалады және төленеді.

Осылайша, келісім нормалары жұмысқа орналастырушы мемлекеттің жұмыс берушісімен еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасып және жұмысқа орналастырушы мемлекеттің зейнетақы жүйесіне зейнетақы (сақтандыру) жарналарын міндетті түрде төлей отырып, ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында еңбек қызметін уақытша жүзеге асыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары ресми жұмысқа орналасқан жағдайда Келісім күшіне енгеннен кейінгі кезеңде еңбекшінің алған жұмыс өтіліне ғана қолданылатын болады.

Сонымен қатар, Келісімнің 2-бабы 2-тармағының 2.3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасында Келісімге сәйкес қалыптасқан зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан төленетін келесі зейнетақы төлемдерін қамтиды:

1) зейнеткерлік жасқа толғанда;

2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып тағайындалса, бірінші және екінші топтардағы мүгедектік  тағайындалған кезде;

3) мұрагерлерге біржолғы төлем.

Осылайша, Қазақстан Республикасында:

  • 2021 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс беруші шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат алмай-ақ, еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасу негізінде уақытша еңбек қызметін жүзеге асыратын ЕАЭО елдері азаматтарының табысын есептеу кезінде БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын (МЗЖ/МКЗЖ) ұстап қалуға және аударуға міндетті. Бұл ретте МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) жұмыс берушіден түскен МЗЖ/МКЗЖ бастапқы сомасын аударған кезде БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылатын болады
  • БЖЗҚ-да автоматты режимде ашылатын болады; еңбек шарты немесе жұмыс берушімен азаматтық-құқықтық шарт бұзылған жағдайда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы аталған тұлғаларда Келісімнің 2-бабы 2-тармағының 2.3-тармақшасында көзделген талаптар басталған кезде ғана пайда болады.

Бұл ретте ЕАЭО елдерінің, оның ішінде Ресей Федерациясының азаматтары зейнетақы төлемін алу үшін Келісімнің Қазақстанда жүзеге асырылуын қадағалайтын мекеме – БЖЗҚ-ға, немесе тұратын мемлекеттің уәкілетті органына, мысалы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды ұсына отырып, Ресей Федерациясының Зейнетақы Қорына жүгінуге құқылы болады.


Вернуться назад

Адрес

г. Темиртау, Бульвар
Независимости, 12

Телефон

+7 (7213) 92-33-24