Жаңалықтар

25.11.2021
БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебінде 100 тарта журналист пен студент дәріс тыңдады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұртшылық арасында жүргізетін  қарқынды ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының аясында алтыншы жыл қатарынан қаржы журналистикасы мектебінің курсын өткізіп келеді. Ондағы мақсат – халықтың қаржылық сауаттылығын арттырып, БЖЗҚ қызметі, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер жайлы хабардар етіп отыру.

Қаржылай сауаттылық бойынша дәрістер игі дәстүрге айналды, коронавирус індетіне  қарамастан ол БАҚ өкілдеріне  онлайн-форматта беріле бастады. Мектептің негізгі аудиториясы – журналистер, блогерлер мен журналистика факультеттерінің студенттері, өйткені, халыққа ақпарат таратуда олар аса маңызды орын алады.

Шара виртуалды кеңістікте өтті. Мектепке қатысушылар көптеген пайдалы мәліметке қанық болып, қойылған сұрақтарына тұщымды жауап алды. Қазақ және орыс тілдерінде екі күн бойы жалғасқан шараға барлығы 100 тарта қатысушы бас қосты.

Оларға түрлі тақырыптар бойынша оқыту курстары ұсынылды:

  • Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен «БЖЗҚ» АҚ қызметі;
  • Жинақтаушы құрамдауыштың қажеттілігі мен демографиялық тренд;
  • Біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану және зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға (ИПБ) аудару бөлігіне қатысты зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер;
  • Ерікті зейнетақы жарналарына қатысты өзгерістер;
  • Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше елдердегі зейнетақымен қамсыздандыру;
  • БЖЗҚ цифрлық қызметтері;
  • БЖЗҚ ақпараттық қызметі.

Сонымен қатар, Қазақстанның Ұлттық Банкімен бірлесіп ҚРҰБ зейнетақы активтерін басқару бойынша модульдің таныстырылымы өтті.

Естеріңізге сала кетсек, биыл жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жаппай өзгерістер орын алған болатын. Осыған орай БЖЗҚ мамандары курс барысында мектепке қатысушыларға күрделі қаржы көрсеткіштері мен статистикалық мәліметтер, заңнамадағы өзгерістер жайында тарқатып айтып берді. Өткізілген оқыту шарасы айқын да, шынайы журналистік материалдардың жариялануына, әрі Қордың ақпараттық-түсіндірме жұмысына септігін өз тигізеді деген үміттеміз.

Баса назар аударатын жәйт, БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебінде көрсетілген барлық материалдарды www.enpf.kz корпоративтік сайтында «Қоры туралы» бөлімінде, әрі қарай «Баспасөз орталығы» - «Арнайы жобалар» қосымшасынан немесе https://www.enpf.kz/kz/about/press-center/projects/school-2021.php сілтемесінен жүктеп алуға болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


Вернуться назад

Адрес

г. Темиртау, Бульвар
Независимости, 12

Телефон

+7 (7213) 92-33-24