Жаңалықтар

17.09.2021
Лайықты зейнетақыны қалай жоспарлауға болады?

Болашақта лайықты зейнетақыны қалай алуға болады? Зейнетақы жарналарының жүйелілігізаманауи әлемдік тренд. Неліктен? Өзіңізді қорғауға және барлық шегерімдері жасалатын «адал жалақыны» қалай алуға болады? Осы және көптеген сұрақтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері «Ашық есік күні» шарасы аясында салымшылармен өткізілетін дәстүрлі кездесу кезінде жауап берді 

БЖЗҚ осымен екінші жыл қатарынан өз іс-шараларын виртуалды кеңістікте өткізіп келеді. Коронавирус індеті (Covid-19) салдарынан өкінішке орай, салымшылармен кездесулерді Қор филиалдарында көзбе-көз форматта өткізу мүмкін емес.

Іс-шараға кез-келген адам үйінен шықпай-ақ, онлайн-платформа арқылы қатысып, «Ашық есік күніне» қосыла алды.

Іс-шараның тақырыбы – «Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді». Іс-шараның мақсатты аудиториясы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ, 25 жасқа дейінгі жастар болды.

Бәрімізге белгілі, қазақстандықтардың дәл осы жаңа буыны зейнет жасына жеткенде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарына арқа сүйейтін болады. Осыған байланысты жастар өз болашағы үшін бүгіннен бастап қамдана бастаулары қажет.

Қазақ елі жинақтаушы зейнетақы жүйесі жолының нақ ортасында тұр, қазіргі уақытта жүйеде қаражатты тек 23 жыл ғана жинақтаған салымшылар болуы мүмкін. Осы ретте толық цикл кемінде 40 жыл болуы тиіс. Алайда тарихи және экономикалық факторларға байланысты бұл физикалық тұрғыдан бұған дейін мүмкін болмады. Сондықтан дәл осы жаңа ұрпақтың толық циклден өтіп, 40 жылдан кейін лайықты зейнетақы алуларына мүмкіндіктері бар. 

«Ашық есік күні» іс-шарасына қатысқан салымшылар болашақ зейнетақыларын болжамды зейнетақы калькуляторының көмегімен есептеп, егер зейнетақы шотын тұрақты түрде толтырып отырса, БЖЗҚ-дан алатын төлемдерді едәуір арттыруға болатындығына көз жеткізіп көрді.

Бүкіл ел бойынша өткен іс-шараға жастар көптеп қатысты және олардың әрқайсысы «Ашық есік күнін» өткізудің электрондық форматына ризашылықтарын білдірді. Көпшілігі болашақта жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық артықшылықтарын сезіну үшін еңбек жолын бастаған сәттен-ақ  келешектері үшін қомақты қаржы жинауға ниетті екендіктерін жеткізді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


Вернуться назад

Адрес

г. Темиртау, Бульвар
Независимости, 12

Телефон

+7 (7213) 92-33-24