Жаңалықтар

02.04.2021
Егер біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса, не болады?

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап БЖЗҚ уәкілетті оператор болып белгіленген банктерде ашылған салымшылардың арнайы шоттарына біржолғы зейнетақы төлемдерін аудара бастады.

Біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператор – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы арнайы шотқа түскеннен кейін алушы 45 жұмыс күні ішінде (Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану қағидаларының 13-тармағына сәйкес) уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды ұсынады.

Уәкілетті операторға растаушы құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, бұл қаражат салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылуы тиіс.

Салымшы сұратқан зейнетақы жинақтарының сомасын БЖЗҚ уәкілетті оператордағы арнайы шотқа аударғаннан кейін 45 жұмыс күні ішінде бұл қаражаттың инвестициялық басқарудан алынатынына,  демек, оған инвестициялық табыстың есептелмейтініне назар аударғымыз келеді.

БЖЗҚ-ғы зейнетақы активтерінің 2020 жылғы жылдық табыстылығы 10,92%  құрады. Егер осы деректерді негізге алсақ, мәселен, 45 жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған біржолғы зейнетақы төлемінің  5,5 млн теңге мөлшеріндегі орташа сомасын уәкілетті оператордағы арнайы шоттан БЖЗҚ-ға аударғаннан кейін осы кезеңдегі салымшы толық алмаған инвестициялық табыс мөлшері шамамен 100 мың теңгені құрауы мүмкін.

Бұдан басқа, арнайы шотқа аударылған зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейін ескере отырып, олардың сақталуы бойынша мемлекеттің заңда көзделген кепілдігі қолданылмайды. Сондай-ақ, БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомаларынан салымшы таңдаған және оның өтінішінде көрсетілген тәсілге сәйкес жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу және ұстап қалу жүргізіледі.

Осыған орай, БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару, инвестициялық табыс пен мемлекет кепілдігін жоғалту, сондай-ақ, ЖТС-ты мерзімінен бұрын есептеу жағдайларын болдырмау үшін салымшыларға біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды жауапкершілікпен әрі мұқият жоспарлауды ұсынамыз. Зейнетақы жинақтарының мақсатты пайдаланылуын растау үшін қажетті құжаттардың тізімін өтінім бергенге дейін мұқият зерделеп, оларды уәкілетті операторға уақытылы ұсынуды қамтамасыз еткен жөн.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 


Вернуться назад

Адрес

г. Темиртау, Бульвар
Независимости, 12

Телефон

+7 (7213) 92-33-24