Жаңалықтар

09.07.2020
Санақ персоналын қабылдау жөніндегі хабарландыру

Қарағанды облысы статистика департаменті Абай ауданының статистика басқармасына ақылы қызмет көрсету келісім шарты бойынша санақ персоналын қабылдайтынын хабарлайды: (101400, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 9, №324 кеңсе, анықтама телефоны: 8(7213) 41-14-98, электрондық мекен-жай: a.begimova@economy.gov.kz):

1. Нұсқаушы-бақылаушы

Жұмыс кезеңі -  2020 жылғы 20 шілдеден 02 қыркүйекке дейін.

Ақы төлеу – жалпы жұмыс кезеңіне 119 057 теңге.

Қызмет көрсету орны: Теміртау қаласы, Ақтау кенті

Міндеттері:

1.Интервьюерлерді оқыту.

2.Интервьюерлердің жұмысының сапасына бақылау жүргізу.

3.Санақ парақтарының толтырылуының толықтығына, алғашқы статистикалық мәліметтердің қамтылуына және сенімділігін бақылау.

4.Статистикалық әдіснамаға және ақылы қызмет көрсету келісім шартымен көзделген, басқа да міндеттер.

Білім деңгейі: жоғары, техникалық және кәсіптік (орта арнайы), ортадан кейін, еңбек өтіліміне қойылатын талаптарсыз.

Жеке құзіретіне қойылатын талаптар: аналитикалық ойлау, әсер еті, топта жұмыс істеу, өзара байланыс орнату, ауызша және жазбаша коммуникация, жауапты, этикалық нормалармен жүру, әдіснамалық, нәтижеге бағытталған.

2. Интервьюер (тіркеуші)

Жұмыс кезеңі -  2020 жылғы 27 шілдеден 25 тамызға дейін.

Ақы төлеу – нақты көрсеткен қызметіне байланысты орташа жүктемемен 1200 санақ объектілерін алғанда 79 371 теңге.

Қызмет көрсету орны: Теміртау қаласы, Ақтау кенті

Міндеттері:

1.Үй шаруашылықтары арасында үгіт-түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

2.Бекітілген тіркеу учаскесінде планшетте халық санағын электронды түрде жүргізу.

3.Елді мекендерде тұрғылықты халықтың санын анықтамен санақ объектілерінің тізімін құру.

4.Бар санақ объектілерін картографиялық материалдармен салыстыру жұмысын жүргізу.

5. Статистикалық әдіснамаға және ақылы қызмет көрсету келісім шартымен көзделген, басқа да міндеттер.

Білім деңгейі: жоғары, техникалық және кәсіптік (орта арнайы), ортадан кейін, жалпы орта білім, еңбек өтіліміне қойылатын талаптарсыз.

Жеке құзіретіне қойылатын талаптар: бөлшектерге зейінділік, қарым-қатынасқа жақсы, әсер ету, ауызша және жазбаша коммуникация, жауапты, этикалық нормалармен жүру, нәтижеге бағытталған.

Түйіндемелер Теміртау қаласының статистика басқармасының текқана электронды мекен-жайына қабылданады.


Вернуться назад

Адрес

г. Темиртау, Бульвар
Независимости, 12

Телефон

+7 (7213) 92-33-24