Жаңалықтар

07.07.2020
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесі туралы сауаттылық деңгейі арта түсті

Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығының деңгейін анықтайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындысы шығарылды.

Зерттеулерді «Стратегиялық зерттеулер орталығы» Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласының тұрғындары арасында жаппай сауалнама жүргізу әдісімен өткізді. Жалпы алғанда 3000 респондент сауалнамаға қатысты, олардың ішінде жалдамалы қызметкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыссыз адамдар бар. Респонденттердің басым бөлігі (сауалнамаға қатысқандардың 899-ы немесе 29,97%) коммерциялық бизнес саласында жұмыс істейтіндер. Одан кейінгілер өндірістік бизнесте жұмыспен қамтылғандар – 386 респондент немесе сауалнамаға қатысқандардың жалпы санының 12,87%-ы. Сұралғандардың арасында маңыздылығы жағынан үшінші топ – 368 адам немесе 12,27% болатын ауыл шаруашылығы қызметкерлері болды. Ғылым саласында қызмет ететіндердің саны ең азы болып шықты, 30 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 2,87%-ы өздерін осы қызмет саласына жатқызады.

Зерттеу сауалнамасы сұрақтарының негізгі дені Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығын анықтауға бағытталған 24 сұрақтан тұрды.

Сауалнаманың нәтижелері халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы сауаттылық деңгейінің жоғарылағанын көрсетті.

Қаржылық сауаттылықтың базалық деңгейі 63,4% болды (алдыңғы көрсеткіш 2018 жылы 60,2%, 2017 жылы 58,2%).

Қаржылық сауаттылықтың озық деңгейін 26,9% респондент құрады (2018 жылы 25,3%, 2017 жылы 24,7%).

Бұдан халықтың білімі мен қаржылық сауаттылық деңгейінің жылдан жылға біртіндеп өсіп келе жатқанын көруге болады.

Базалық деңгейді растау үшін бірқатар сұрақтарға жауап беру қажет болды. Атап айтқанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің операторы кім; БЖЗҚ функциялары; зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдерінің қандай түрлері бар деген тәрізді және т. б. сұрақтар қойылды.

Базалық білім деңгейін бағалау үшін қойылған барлық сұрақтар бойынша дұрыс жауаптар үлесінің көбейгендігі байқалды.

Сонымен  зейнетақы төлемдерінің түрлері туралы дұрыс жауаптардың үлесі 37% - дан 45%  дейін, зейнетақы жарналарының түрлері туралы дұрыс жауаптардың үлесі 74% - дан 77% дейін, БЖЗҚ қызметтері туралы 52% - дан 79%  дейін, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің операторы кім болып табылатыны туралы 60% - дан  64%  дейін өсті.

Тек зейнет  жасына қатысты сауал ғана жылдан жылға респонденттер үшін қиындап бара жатқандай. Мәселен, 2017 жылы – әйелдер үшін зейнетке шығу 58 жас, ерлер үшін – 63 жас болған кезде дұрыс жауаптар үлесі 80% болған еді. Ал 2018 жылдан бастап әйелдер үшін зейнетке шығу 2023 жылы 63 жасқа толғанға дейін жыл сайын 0,5 жылға өсіп отыратын болды. Осы өзгерістерге байланысты 2018 жылы зейнеткерлік жас туралы дұрыс жауаптардың үлесі 78%  дейін, 2019 жылы 53% дейін төмендеп кетті.

Жоғары білім деңгейін бағалауға арналған сауалдар күрделірек болды: зейнетақы жинақтарын қандай ұйым инвестициялайды, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі инвестициялық табыс, зейнетақы аннуитеті, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік, салық салу және т. б.

Осылайша зейнетақы жинақтарын инвестициялайтын ұйым туралы сауалға қатысты дұрыс жауаптар үлесі 15% – дан 30%  дейін өсті, зейнетақы жинақтарының түрлі қаржы құралдарына инвестицияланатыны және инвестициялық табыс есебінен көбейетіндігі туралы сұраққа берілген дұрыс жауаптар үлесі 35% - дан 38%  дейін, зейнетақы төлемдеріне салынатын салық туралы берілген дұрыс жауаптар 22% - дан 28%  дейін өсті.

Сауалнама нәтижелері респонденттердің басым бөлігінің БЖЗҚ-ның негізгі функциялары туралы хабардар екенін көрсетті. Бұл БЖЗҚ-ның жинақтаушы зейнетақы жүйесінде атқаратын рөлі туралы жалпы түсініктің бар екенін, сондай-ақ халықтың басым бөлігінің олардың қаржылық әл-ауқатының негізгі көзі БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы жинақтары болады деген пікірді ұстанатындықтарын білдіреді. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 1437-сі немесе жалпы санының 47,9% дәл осылай жауап берді. Респонденттердің 23,63%  пікірінше, мемлекет тарапынан берілетін зейнетақы – маңыздылығы жағынан екінші орында, ал басқа жинақтарға сұралғандардың жалпы санының тек 11,57% ғана сенім артады.

Респонденттер үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпараттың негізгі көзі БЖЗҚ-ның ресми сайты және Қордың қызмет көрсету кеңселері болып табылатыны да маңызды мәлімет. Пайыздық қатынаста бірінші әдіс сұралғандардың 29% үшін, екіншісі 23,8% үшін өзекті. Ақпарат көздері арасында таныстардан ақпарат алу 12,6% көрсеткішпен үшінші орынды иеленді. ENPF ұялы қосымшасының ақпарат көзі ретінде танымалдығы да басқа тәсілдерден еш кем емес, оның көмегімен респонденттердің 9,2% Қордың жұмысы туралы әрдайым пайдалы ақпарат алып отырады.

Зерттеу барысында халыққа қосымша түсіндіруді талап ететін тақырыптар да анықталды. Олардың ішінде зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты, оларды инвестициялау және сақтау кепілдігі, өз зейнетақысын болжау мүмкіндігі, ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері мен төлеу шарттары, бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде міндетті зейнетақы жарналарын төлеу сияқты мәселелер бар.

Зерттеу қорытындылары Қазақстан халқы арасында  зейнетақы жүйесі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру барысында ескерілетін болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


Вернуться назад

Адрес

г. Темиртау, Бульвар
Независимости, 12

Телефон

+7 (7213) 92-33-24