Жаңалықтар

05.11.2019
Теміртау қалалық мәслихатының заңдылық, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясында Теміртау қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар қорытындылары туралы хаттама

Теміртау қалалық мәслихатының заңдылық, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясында Теміртау қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар қорытындылары туралы

хаттама

 

Теміртау қаласы                                                             2019 жылғы «31» қазан

сағат 15.00

                                                                                      Теміртау мәдениет Сарайы

 

 

Көпшілік  тыңдаулар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тарауы 5-тармағына сәйкес тағайындалады және өтеді, тиісті аумақ халқының пікірі мәслихаттың тұрақты комиссияларының өткізілген көпшілік тыңдауларының негізінде ескеріліп, хаттамамен ресімделеді.

 

        Көпшілік тыңдаулардың ұйымдастырушысы: Теміртау қалалық мәслихатының заңдылық, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия.

 

        Көпшілік тыңдауларды өткізу туралы ресми жариялау: 2019 жылғы 23 қазандағы № 38(131) «Отан-Заман» газеті, Теміртау қаласы әкімдігінің www.temirtau-akimat.gov.kz/, Теміртау қалалық мәслихатының www.maslikhat.temirtau-akimat.gov.kz, «Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ www.kultura.temirtau-akimat.gov.kz интернет-ресурстары.

 

        Көпшілік тыңдаулар өткізу күні: 2019 жылғы 31 қазан.

        Тіркелген адамдардың саны:   749 адам.

 

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

Теміртау қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау туралы.

 

          Тыңдалды: «Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Айжан Қойшыбайқызы Шәкенова.

 

Теміртау қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау бойынша дауыс беру.

 

Теміртау қаласының шығысында Республика даңғылынан Димитрова көшесіне дейін орналасқан атауы жоқ скверге «Temirtaý jastary» сквері атауын беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:

 «қолдады» -  726 ;

 «қарсы» -  18 ;

 «қалыс қалды» - 5.

 

Теміртау қаласының солтүстік-батысында Республика даңғылынан Панфилов көшесінің батыс жағында орналасқан атауы жоқ скверге Александр Баублис атындағы сквер атауын беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:

 «қолдады» - 701;

 «қарсы» - 40;

 «қалыс қалды» - 8.

 

Теміртау қаласының Комсомол даңғылын  Бауыржан Момышұлы даңғылы деп қайта атау мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдау барысында келесідей болды:

 «қолдады» - 719;

 «қарсы» - 25;

 «қалыс қалды» - 5.

 

Теміртау қаласының Димитров көшесін Абай көшесі деп қайта атау мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:

«қолдады» -  707;

           «қарсы» - 40;

«қалыс қалды» - 2.

 

Теміртау қаласының Коммунаров көшесін Олег Тищенко көшесі деп қайта атау мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:

 «қолдады» - 730;

 «қарсы» - 12;

 «қалыс қалды» - 7 .

 

Теміртау қаласының Калинин көшесін Сәкен Сейфуллин көшесі деп қайта атау мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:

 «қолдады» - 734;

 «қарсы» - 10;

 «қалыс қалды» - 5.

 

Теміртау қаласының Герцен көшесін Ахмет Байтұрсынұлы көшесі деп қайта атау мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:

«қолдады» -  729;

«қарсы» - 12;

           «қалыс қалды» - 8.

 

Теміртау қаласының Тольятти көшесін Еламан Байғазиев көшесі деп қайта атау мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей төмендегідей болды:

 «қолдады» - 730;

 «қарсы» - 11;

 «қалыс қалды» - 8.

 

 

          Теміртау қалалық мәслихатының заңдылық, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы

 ҚАУЛЫ ЕТТІ:

         1. Теміртау қаласының шығысында Республика даңғылынан Димитрова көшесіне дейін орналасқан атауы жоқ скверге «Temirtaý jastary» сквері атауын беру қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауысымен мақұлданды.

         2. Теміртау қаласының солтүстік-батысында Республика даңғылынан Панфилов көшесінің батыс жағында орналасқан атауы жоқ скверге Александр Баублис атындағы сквері атауын беру қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауысымен мақұлданды.

         3. Теміртау қаласының Комсомол даңғылын  Бауыржан Момышұлы даңғылы деп қайта атау беру қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауысымен мақұлданды.

          4. Теміртау қаласының Димитров көшесін   Абай көшесі деп қайта атау беру қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауысымен мақұлданды.

          5. Теміртау қаласының Коммунаров көшесін Олег Тищенко көшесі деп  қайта атау беру қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауысымен мақұлданды.

6. Теміртау қаласының Калинин көшесін  Сәкен Сейфуллин көшесі деп қайта атау беру қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауысымен мақұлданды.

7.  Теміртау қаласының Герцен көшесін Ахмет Байтұрсынұлы  көшесі деп қайта атау беру қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауысымен мақұлданды.

8. Теміртау қаласының  Тольятти көшесін   Еламан Байғазиев көшесі деп қайта атау беру қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауысымен мақұлданды.

9. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының хаттамасы жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналыстырылсын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Заңдылық, әлеуметтік

қамтамасыз ету және

денсаулық сақтау мәселелері

жөніндегі тұрақты

комиссиясының төрағасы                                                            Ю.Сәрсенбаева

 

 

 

 

 


Вернуться назад

Адрес

г. Темиртау, Бульвар
Независимости, 12

Телефон

+7 (7213) 92-33-24