
Заңдылық, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жөніндегі тұрақты комиссия жиналысының ХАТТАМАСЫ
Теміртау қаласы 2015 жылдың 28 қаңтары
сағат 17.00
Қатысқандар:
- Заңдылық, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы В.В.Дроздецкий;
- Қалалық мәслихат депутаттары:В.И.Свиридов, Ф.И.Валеев, В.А.Сусоев.
Шақырылғандар:
«Теміртау қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы-Раушан Аманқызы Әдіханова;
Теміртау қаласы әкімдігінің жанындағы «Шаруашылықты жүргізу құқығындағы «Теміртау қаласының ветеринария станциясы» КМК директоры Завод Бекболат.
КҮН ТӘРТІБІ:
1.Иесіз жануарларды аулау және мал қорымын ұстау туралы.
Заңдылық, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- ауыл шаруашылық бөлімі: иесіз жануарларды аулау шараларының орындалуын бақылауды күшейтсін;
- Теміртау қаласы әкімдігінің жанындағы «Шаруашылықты жүргізу құқығындағы «Теміртау қаласының ветеринария станциясы» КМК директоры шаралардың орындалуы туралы ақпарат ұсынсын;
- иесіз жануарлардың жиналатын жерін анықтау үшін ай сайын қаланы араласын.
Заңдылық, әлеуметтік қамтамасыз
ету және денсаулық сақтау
жөніндегі тұрақты комиссиясы
төрағасы В.Дроздецкий