Тұрақты комиссиялар

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы

 12-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру
және олардың қызметi

      1. Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
2. Тұрақты комиссиялардың тiзбесi мен сан құрамын мәслихат белгiлейдi. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан тиiстi мәслихат сайлайды.
3. Тұрақты комиссиялар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi.

      14-бап. Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi
мен өкiлеттiгi

      1. Тұрақты комиссиялар:
1) аталған мәслихат сессиясының күн тәртiбi бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгiзуге;
2) өздерiнiң құзырына жататын әрi мәслихат сессиясының қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
3) өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
4) өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзуге;
5) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар, ұйымдар, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқылы.
2. Әкiмдік, орталық мемлекеттік органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгiленген тәртiпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретiндегi мәселелер бойынша қажеттi ақпарат беруге мiндеттi.
3. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Теміртау қалалық мәслихаттың 6 шақырылымы

Бюджет, өнеркәсіп және кәсіпкерлік сұрақтары бойынша тұрақты комиссия

Бюджет, өнеркәсіп, экология және кәсіпкерлік сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясын келесі құрамда сайлансын:

1. Бахыт Бәшімқызы Конақ аева

2. Владимир Анатольевич Быков

3. Фарухжон Курбанов

4. Алібек ЖанарұлыАлпыспаев

Заңдылық, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау сұрақтары бойынша тұрақты комиссия

 

Заңдылық, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясын келесі құрамда сайлансын:

1. Юлия Маратқызы Сәрсенбаева

2. Айдар Ақылсерікұлы Абішов

3. Интигам Ширван-оглы Абишов

4. Кайрат Әлиханұлы Нығметов

Коммуналдық шаруашылық, транспорт және құрылыс сұрақтары бойынша тұрақты комиссия

 

Коммуналдық шаруашылық, транспорт және құрылыс сұрақтары бойынша тұрақты комиссия келесі құрамда сайлансын:

1. Фарит Искандарович Валеев

2. Василий Иванович Свиридов

3. Марат Тұнғатарұлы Әбілдинов

4. Михаил Александрович Коновалов

5. Иван Владимирович Сиверский

Жастар, білім беру, мәдениет және спорт істері бойынша тұрақты комиссия

 

Жастар, білім беру, мәдениет және спорт істері бойынша тұрақты комиссия келесі құрамда сайлансын:

1. Владимир Владимирович Дроздецкий

2. Сергей Витальевич Гулько

3. Сергей Васильевич Урываев

4. Гүлназ Нұрғалиқызы Мусина

Адрес

г. Темиртау, Бульвар
Независимости, 12

Телефон

+7 (7213) 92-33-24