
2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 3-1/75 «Теміртау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» өкіміне өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32-бабына, «Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талартарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 5 мамырдағы 3 сессиясының №3/5 «Теміртау қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы 50 сессиясының №50/4 «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімін және Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы №19/9 «Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы №52/15 «Қалалық мәслихаттың 50 сессиясының «2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешімін жүзеге асыру туралы» қаулысына өзгертулер енгізу туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында:
1. Теміртау қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №3/1-75 «Теміртау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» өкіміне келесі өзгертулер енгізілсін:
1) 1-қосымшадағы:
01.01.112.001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету қызметтері» бюджеттік бағдарламадағы:
«Бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындар қортындысы» қатарындағы «2016» бағанындағы «20027» саны «20387» санына ауыстырылсын;
112.001.015 бюджеттік кіші бағдарламадағы - «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен», «Бюджеттік кіші бағдарламалар бойынша шығындар қортындысы» қатарындағы «2016» бағанындағы «16789» саны «17149» санына ауыстырылсын;
2) 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №3-1/75 қаулының 2 тармағындағы «Теміртау қаласы мәслихатының аппараты» ММ аппаратының басшысы» Татьяна Владимировна Андреева»» сөздері «Теміртау қалалық мәслихат хатшысы Василий Иванович Свиридов» сөздеріне ауыстырылсын.
2. Бюджеттік бағдарламаның орындалуын өзім бақылаймын.
Мәслихат хатшысы В.Свиридов