Хабарлама

01.08.2022
"Қазпошта" АҚ арқылы шалғайдағы елді мекендерде "БЖЗҚ" АҚ қатысуын кеңейту

Еліміздің шалғай елді мекендерінде трансферагенттік қызмет көрсетуді дамыту, сондай-ақ, Қазақстанның барлық тұрғындарына зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында БЖЗҚ АҚ  "Қазпошта" АҚ-мен бірлесіп, Қор қызметтеріне "Қазпошта"АҚ бөлімшелерін қосымша қосу жұмысын жалғастыруда.

Осылайша, қазіргі кезде БЖЗҚ қызметтерін "Қазпошта" АҚ-ның 376 бөлімшесінен алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, "БЖЗҚ" АҚ пен "Қазпошта" АҚ бірлескен жобасының арқасында Ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде Қордың салымшылары (алушылары) келесі операцияларды жүргізе алады:

* салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);

* хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімге қол қою (оның ішінде "БЖЗҚ" АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін).

2022 жылдың І жартыжылдығында Қор салымшылары (алушылары) "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінен 6,5 мыңға жуық қызмет алды. БЖЗҚ қызметтерінің Қазпошта бөлімшелерінде барынша жоғары сұранысқа ие болуы Қызылорда, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалуда.

Қосымша деректемелер мен хабарлау тәсілін өзгерту бойынша БЖЗҚ қызметтерін алуға болатын" Қазпошта " АҚ бөлімшелерінің тізімін Сіз enpf.kz сайтының "Қызметтер" бөлімінде таба аласыз.

Сонымен қатар, БЖЗҚ қызметтерінің басым бөлігін, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, деректемелерді өзгерту және т. б. үйден шықпай-ақ, Қор  сайтындағы Жеке кабинет немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде алуға болатынын хабарлаймыз.

 


Вернуться назад

Адрес

г. Темиртау, Бульвар
Независимости, 12

Телефон

+7 (7213) 92-33-24