Хабарлама

14.02.2022
ХАБАРЛАНДЫРУ Теміртау қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының негізінде және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережесіне сәйкес Теміртау қаласының қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланады.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 17 адам, оның 4 – мемлекеттік органның өкілдері, 13 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылар «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:

1)  кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгі қалалық мәслихаттың сайтында: www.maslihattemir.gov.kz);

2)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

3)  өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4)  сотталғандығың болуы не болмауы туралы анықтама;

5)  психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.

Теміртау қаласының қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа құжаттар тапсыру мерзімі:

2022 жылдың 15 ақпанынан 2022 жылдың 28 ақпанына (қоса алғанда) дейін.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады:

101406, Теміртау қ., Тәуелсіздік б., 12-үй, 1-қабат, 17 каб.

Электрондық мекен-жай: maslihat_temir@mail.ru.

Байланыс телефоны: 8 (7213) 92-34-73

 

Жұмыс тобы

 

ӨТІНІШ

 


Вернуться назад

Адрес

г. Темиртау, Бульвар
Независимости, 12

Телефон

+7 (7213) 92-33-24