Хабарлама

16.02.2021
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Теміртау қаласы мәслихатының аппараты

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-4 санаты бойынша:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санат           Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

                                   min                max

    E-4                     100696            136444

 

«Теміртау қаласы мәслихатының аппараты» ММ, пошта мекенжайы: Қарағанды облысы, Теміртау қ., Бейбітшілік данғылы, 12, анықтама телефоны: 8 7213 923473, факс: 87213923324, e-mail: maslihat_temir@mail.ru «Б» корпусының төменгі лауазым болып табылатын бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Теміртау қаласы мәслихатының аппараты» ММ бас маманы
(Е-4, 1 бірлік, №  05-02-3)

Функционалдық міндеттері: - Мәслихаттың тұрақты комиссияларына, депутаттарынаа кеңес береді  және әдістемелік көмек көрсетеді.

- Мәслихат сессияларында, депутаттар күнінде, тұрақты комиссиялар отырыстарында дупутаттарды шешімдер жобаларымен, ақпараттық-әдістемелік, анықтамалық материалдарымен қамтамасыз етеді.

- Сессиялардың, депутат күндерінің, тұрақты комиссиялар отырыстарының, азаматтардың өтініштері бойынша көшпелі отырыстардың хаттамаларының мағынасын 10 күн ішінде ашады.

- Нормативтік-құқықтық актілерді ұйымның интернет-ресурсына,  БАҚ-қа жариялауға жібереді. Мәслихат аппаратының, депутаттардың, тұрақты комиссиялардың қызметі туралы ақпарат жасап, интернет-ресурсқа орнатады.

-         НҚА мемлекеттік мекемелерге таратады және жібереді

- Аумақтық, өңірлік және учаскілік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыруға қатысады және оларға өзгеріс енгізеді.

- Жастар, білім беру, мәдениет және спорт істері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысына жетекшілік етеді.

- «Logbook электрондық құжат айналымы жүйесі»  ААЖ-не жеке және  заңды тұлғалардың кіріс, шығыс өтініштерін есепке алады, ай сайын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасына жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарау нәтижесі туралы есепті дайындайды және тапсырады.

-         «Теміртау қаласының мемлекеттік архиві» КММ бекіту үшін істер  номенклатурасын жасап, дайындайды.

- Жалпы қалалық іс-шараларды өткізуге қатысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

Білімі – «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе   «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика,  есеп және аудит, қаржы,  мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Жұмыс тәжірибесі бар болған жағдайда «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «сервис, экономика және басқару» (экономика, қаржы,  есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша  орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен қосымшадағы нысанға сәйкес "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың толтырылған қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның
27-бабы

8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар келесі құжаттарды тапсырады:

1) өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап
7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Теміртау қаласы мәслихатының аппараты» MM  (101406, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Бейбітшілік данғылы, 12, электрондық пошта: (maslihat_temir@mail.ru) құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы  құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

 Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге  жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Теміртау қаласы мәслихатының аппараты» MM өтеді. Аталмыш лауазымға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ  сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жастан кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және маслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  "Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

  Нысан

   __________________________

  (мемлекеттік орган)

 

 

 

Өтініш

 

 

       Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын

       транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                      (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ______________________

      ______________________

      ______________________

      Мекен жайы: ______________________

      Байланыс телефоны: ______________________

      e-maіl: ______________________

      ЖСН: ______________________

      _________ ___________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

   "___"_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

  "Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

3-қосымшасы

  Нысан

 

 "Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО

(түрлі түсті/ цветное,

3х4)

 

 

 

_______________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1. Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

2. Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 

3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

 

4. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

Год окончания и наименование учебного заведения

 

5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

6. Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками

 

7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған /

приема босатылған /

увольнения

 

 

 

 

 

 

 

_____________________

Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата _______________

күні / дата

      * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

 


Вернуться назад

Адрес

г. Темиртау, Бульвар
Независимости, 12

Телефон

+7 (7213) 92-33-24