Хабарлама

22.10.2019
Хабарландыру

«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 138 қаулысын басшылыққа ала отырып, қала тұрғындарын Теміртау қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау бойынша ұйымдастырылатын көпшілік тыңдауларға шақырамыз. Күн тәртібінде Теміртау қаласының төмендегі құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау мәселесі қаралады:
1) Комсомольский даңғылы;
2) Димитров көшесі;
3) Коммунаров кошесі;
4) Калинина көшесі;
5) Герцена көшесі;
6) Тольятти көшесі;
7) Қаланың шығысында Республика даңғылынан Димитрова көшесіне дейін орналасқан атауы жоқ сквер;
8) Қаланың солтүстік-шығысында Республика даңғылынан Панфилов көшесінің батыс жағында орналасқан атауы жоқ сквер.
Көпшілік тыңдаулар 2019 жылғы  31 қазан күні сағат 15.00-де Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 38 мекенжайында орналасқан Теміртау мәдениет сарайында өтеді.

 


Вернуться назад

Адрес

г. Темиртау, Бульвар
Независимости, 12

Телефон

+7 (7213) 92-33-24